2022-2023 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отчет практика
Материал туралы қысқаша түсінік
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2019
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз
беріледі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.
Сайтта заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз бізге хабарласыңыз. Редакцияның көзқарасы автордың көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған
Фирмада тәжірибеден өткен
уақытта путевкалар, акциялар дайындадым.
Кеңседегі жұмыс номенклатурасымен
таныстым. Аймақтағы туристік бизнестің
негізгі объектілерімен таныстым. Статистикалық
есептеулердің барлық түрлерімен танысып,
оларды даярлауға көмектестім. Сонымен
қатар қонақүйлердің жарнамалық бөлімдерімен,
ұсынатын акцияларымен таныстым. Басқа
шетел қонақүйлері мен авиакомпаниялармен
таныстым. Потенциалды туристер мен клиенттермен
жұмыс істеуді үйрендім. Клиенттер үшін
авиабилеттерді брондап, сатумен айналыстым.
Әртүрл авиакомпаниялар тарифтерімен
және акцияларымен таныстым. Тәжірибе
уақытында менеджер міндеттерімен таныстым,
менеджерге турпакет даярлауға көмектестім.
Тұтынушылармен қарым-қатынаста болып,
оларға турпакеттерді көрсетіп, жарнамаладым.
Тур объектілерде, қонақүйлерді таңдауға
көмектестім, визалық көмек, авиабилеттерді
брондау, сақтандыру, анкеталық және т.б.
қызметтер бойынша жұмыс істедім. Қонақүйлерге
заявкалар дайындап, номерлерді таңдауды
үйрендім. Визалық онлайн-анкеталарды
толтырдым. Мен үшін тәжірибе барысында
өте қызықты болған мәселе – турпакет.
Турпакет – бұл негізгі
және қосымша қызметтер жиынтығы
және оны саяхат жасау мақсаты
бойынша туристерге ұсыну.
Осы фирманың қызметін тұтынушылардың
жас ерекшеліктері әр жастағы
адамдар: оқушылар, студенттер, зейнеткерлер,
қызметкерлер.
3 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының
туризмінің негізгі түрлерін іске асыруы
Аталған турфирма туристік
нарықтағы ең дамыған шығу туризмімен
белсенді айналысады. Сонымен қатар
келу және ішкі туризм саласында да
жемісті жұмыс атқаруда. Енді туризмнің
осы аталған салаларына толықтай
тоқталып өтсек.
- Ішкі туризм дегеніміз мемлекеттік шекарадан шығумен байланысты емес. Әлем бойынша ішкі туризммен айналысатындар 80-90% құрайды.
- Сыртқа шығу туризмі дегеніміз мемлекеттің шекарадан шығумен байланысты. Сыртқа шығу туризм, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 млн. АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елден тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында жасайтын жоспарлары бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр.
- Рекреациялық туризм дегеніміз халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі маманданған территориядағы тәуліктік, апталық, жылдық өмір циклдегі адамдардың бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын, сауықтыру танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы.
- Сауықтыру туризмі санаториялық, курорттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру адамның өндірісте немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауды басудың бірден-бір жолы.
- Танымдық туризм туристердің табиғатты, мәдени тарихи орындарды, этнографиялық шарушылықты және басқа аудандардың көз тартатын көрікті орындарын білуге деген құштарлығынан туады.
Фирма барлық холдингтің даму
перспективсын анықтайды, оның инвестициялық
саясатын, өсу стратегиясы әзірлейді.
Холдинг функциясына кәсіпорын
жүйесінде қаржылық қызметті бақылау,
олардың туристтік сұрақтары
енеді.
Жарнама стратегиясын қолдану
бағдарламасына турфирманың кезең
сайын халықаралық және Қазақстандық
туризм бойынша көрмеге қатысады.
- Дәстүрлі тұтынушыларға (азаматтар, жастар, оқушылар) орта және төменгі кірісті туристтік қызметтің мақсатты жүйесін құру;
- Туристік қызметтің іске асырылуы және өндірілуінде біркелкі стандартты әзірлеу;
- Жаңа компьютерлік технология негізінде жаңа ақпараттық жүйе құру. Қазақстандағы туристік бизнестің алды болатын ірі туристік ұйымға айналдыру. Компания бизнес жүргізуде келесі принциптерге сүйенеді:
- Туристік бизнесте жоғарғы халықарлық стандарттар мен нормаларға,
Қызмет көрсетуге қол жеткізу;
- Клиенттің әрқашан да дұрыс приципін ұстану, клиенттермен бір деңгейдегі қарым қатынасты орнату;
- Өзіне жүктеген міндеттемені дәл, сапалы орындауға деген сенімділік.
4 «ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасының
маркетинктік жоспары және тұтынушылармен
жұмыстары
Турфирма ұйымдастыратын
демалыстың қашан басталып, қашан
аяқталатын, қызмет құны, баратын жерде
кім, қайда және қалай қарсы
алатыны, сіздің қайда тұратыныңыз,
тазалық және тамақтану орны, медициналық
сақтандыру шарты ерекше маңызға
ие болады. Туристтік құн келісім шартта
теңгемен көрсетіледі. Сонымен бірге егер
турист қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын
жағдайда банк шығындарын қай тарап өзіне
алатыны айтылуы тиіс. Әдетте мұндай шығын
туристің өзіне жүктеледі. Ең бастысы-
ақпараттың дұрыс болуы. Ақпаратты беруден
бас тартса немесе жалған мәліметтер берсе
турфирмаға айыппұл салынады.
Келісім шартта фирманың немесе
жауапты тұлғаның координаторы көрсетілуі
тиіс. Бұл демалыс кезінде пайда болатын
кез- келген сұрақтар мен проблеммалар
бойынша талас туындаған жағдайда қажет.
Турагент тұтынушыға барған елде болуы
мүмкін қауіпті хабарлауы тиіс. Бұлар
маусымдық су тасқыны, белгілі бір елге
тән індет, тұрақсыз саяси жағдай және
сол құрлықта өмір сүретін қауіпті жануарларға
дейінгі ақпарат болуы мүмкін. Егер жоғарыда
аталған жағдайлар саяхат кезінде пайда
болса, онда туристік фирма бұл жайлы Қазақстан
Республикасының Туризм жөніндегі агенттігіне
шұғыл хабарлауы тиіс. Агенттік Қазақстандық
туристерді қайтару жөніндегі шараларды
қабылдайды.
Туристің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде медицналық сақтандыру
өте маңызды рол атқарады.
Туризімдегі маркетинг-туристік
тауарлар мен қызметтерді жоспарлау,
дайындау, оларды тарату мен өткізу, оларға
сұранысты ынталандыру және бағасын белгілеуге
бағытталған әрекет. Бұл әрекет тауарлар
мен қызметтерді өндірушілерден тұтынушыға
өткізіп, туристтер тобының қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты болады.
Маркетинг сапасына тұтынушының
мына ерекшеліктері әсер етеді.
- Жоғарғы ақпараттылығы.
- Қолайлылық пен жоғарғы қызмет сапасын талап ету.
- Зерделілік пен дене белсенділігі.
- Өмірдің айқын әсер алудың талпынуы.
Мұның барлығын тұтынушылық
стеротиптің әсер етуі.
Туристік тұтынушының
өнімге қатысты талдаған кезде мына
ерекшеліктерді байқауға болады.
Қазіргі кездегі адамдар,
демалысқа тұлғаның өзін-өзі жетілдіру
құралы, өмірдің лайықты деңгейін
сақтау жолы деп атаймыз және демалысқа
деген құқығын өмірдің ең мағыналы
жағдай деп қарастырылады.
Қорытындылайтын болсақ, мен
осы 21.05.2012 – 02.06.2012 күндер арасында өндірістік
практикасын өтіп, біраз тәжірибе
жинадым деуге болады. Ол мен үшін
келешекте туризм маманы ретінде
үлкен сынақ болды.
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмасы
ішкі туризм бойынша «Бурабай», «Қарқаралы»,
«Сарыағаш», «Баянауыл», «Жартас», сияқты
курорттарына, ал сыртқы туризм бойынша
Ыстықкөл, Туркия, Египет, Тайланд, БАӘ,
Болгария, Чехия, Кипр мемлекеттеріне
демалу және емделу мақсатында жолдамаларды
жүзеге асырады.
Жалпы қорытындылай келе, іс-тәжірибе
барысындағы жинаған ақпараттар
мен мағлұматтарды іске асыруға
тәжірибе жинадым. Мен осы жинаған
тәжірибені болашақта қолдана отырып,
Қазақстан нарығына басты бағыттарды
дұрыс жеткізе алуға мүмкіндік
алдым.
Бүгінгі таңда нарықтың шарты
бойынша әр фирма өзінің тұрақты
орнын алу міндетті. Бәсекелестікті
жеңу, жаңа нарықты жаулап алу сонымен
қатар тұтынушыларға фирманың жақсы
ойда қалуын қалыптастыру, жаңа турларды
ұсыну және т.б.
Ең бастысы жұмыскерлердің
квалификациясының өсуі, шетелде
оқыту, әр түрлі тенингтерге, конференцияларға,
семинарларға, жәрмеңкелерге қатысу туралы
көп көңіл бөлген осыған байланысты «ALTIN
KARTAL TOUR» турфирмасы көп үлес қосады.
Тұтынушыларына әлемнің түкпір-түкпіріне
қызықты да қызғылықты турлар ұсынатын
фирма туристік бизнесте өз орнын нақтылаған.
Жарнама саласына көп көңіл бөлетіндіктен
фирманың тұтынушылары өте көп. Тек қана
Қарағанды аймағының тұрғындары ғана
емес сонымен бірге еліміздің басқа да
аймақтарының тұрғындары да онлайын жүйеде
турларға тапсырыс береді.
Қорыта келгенде маған
«ALTIN KARTAL TOUR» турфирмсындағы кәсіби тәжірибем
өте қызықты болды. Кәсіби тәжірибе өту
барысында көп ақпараттар алдым, іс қағазбен
жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен бірге
«Номад Trеvel» турфирмасы әр тұтынушыға
жоғары қызмет көрсету қызметкерлердің
жұмыс істегенін көре алдым. Әр адамға
уақыт бөліп турөнімді жақсылап жарнамалау,
қойылған сұрақтарға жауап беріп тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандырады.
«ALTIN KARTAL TOUR» фирмасының беделінің
жоғары екендігі тұтынушылардың көптеп
келуінен байқалады. Шығу, келу және ішкі
туризм бизнесінде жемісті жұмыс атқарып
келе жатқан фирмадан тәжірибеден өту
болашақ мамандығым үшін өте маңызды.
Осыған байланысты тәжірибеден өту барысында
фирма қызметкерлерінің айтқан ақылдары
мен үйретулерін мұқият тыңдап, өзіме
қажетті мағлұматтарды мейлінше жинақтауға
тырыстым. Фирма менеджерінің жұмысы қиын
болса да қызықты екендігіне көз жеткіздім.
Қалай дегенменде «туризм» мамандығы
жиырма бірінші ғасырдың ең қажетті мамандығы
екендігіне сөз жоқ. Елімізде туризм мамандығына
деген сұраныс артып келе жатқан уақытта
осы мамандықтың білгірі болу өте маңызды.
Тәжірибеден өту барысында болашақ мамандығыма
қажетті көп нәрсе үйрендім және осы істердің
пайдасы тиетініне сенімдімін.
1. Тапсырысшы (турист)
- Туристтік өнімнің ақысын өз уақытында және толық көлемде жасауға және өз уақытында Турфирмаға туристік сапарды ұйымдастыруға керекті анық және жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды беруге міндетті. Тапсырысшы туристтік өнімге төлеу жөніндегі міндеттерді бұзған жағдайда, Турфирма туристтік өнімді төлеу жөніндегі Тапсырысшы міндеттерінің бұзылғанына байланысты Турфирмада туындаған шығындарды қайтару үшін Тапсырысшыдан ақша құралдарын ұстап қалып, сапарын жоққа шығаруға құқығы бар.
- Инфекциялық және паразитарлық аурулар жөніндегі жеке профилактикалық шараларды қоса алғанда, қауіпсіздік талаптарын орындайды. Қабылдаушы шетелдік компаниялар, қонақ үйлер, әуе тасымалдаушылары, консулдық, кедендік және т.б. мекемелер тарапынан туристтерге қойылатын формаларды талаптады, шарттар мен шектеулерді, жеке және мүліктік қауіпсіздік ережелерін сақтауды міндетіне алады.
- Тиісті авиарейстің ұшу уақытына дейін 3 (үш) сағат бұрын әуежайға келеді немесе ұшу алдындағы белгіленген формалдықты және процедураларды орындауға үлгеруді есепке алуы, өзімен бірге елден шығуға, келуге, бару мақсаттары туралы керекті құжаттары болуы керек.
- Осы Келісім-шарттың шарттарын мұқият оқуға және тиісті турға шығушы туристтер оның мазмұнымен танысуға, сондай-ақ Турфирмадан алынған туристтік өнімге қарсы бар барлық ақпаратты туристтерге беруге міндетті. Туристтік сапарды сәтті жүзеге асыру мақсатында Келісім-шарт шарттарын орындауы керек.
- Туристтік өнімге кіретін барлық қызметтердің сапалы көрсетілуін талап етуге құқылы. Тез арада үшінші тұлғалар тарапынан туристтік қызметтердің осы Келісім-шартта көрсетілгендей орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы туралы Турфирмаға жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.
- Тапсырысшы (турист) қонақ үйден кеткенге дейін номердегі минибарды қолданғаны үшін есепшотты, телефондық сөйлесулер, басқа да қонақ үйдің қосымша қызметтерін төлеуді міндетіне алады.
- Визалық қолдау көрсету кезінде тапсырысшыға ескерту жасалғанда, керек кезде консулдық туристтің уақытша болатын еліне бару ниетін дәлелдеуде виза ресімдеу (авиабилет, сақтандыру, ваучер, және т.б.) үшін талап ету мүмкін. Шет мемлекет консулдығының келу визасын беруден бас тартумен байланысты келген нақты шығындар Тапсырысшының есебіне жүргізіледі.
- Осы Келісім-шарт бойынша туристтерді тасымалдау тасымалдаушының ережелері бойынша (әуе компаниясы және басқалар) орындалады. Туристтің билеті тасымалдаушымен келісім-шарт болып табылады, тасымалдаушының ережесі бойынша тасымалдау жөніндегі барлық жауапкершілікті тасымалдаушы өз мойнына алады. Тапсырысшыға чартерлік авиабилеттер мен қайтарымсыз тарифы бар жиі рейстердің авибилеттерінің құны, турдың бас тарту мерзіміне қарамастан қайтарылмайды
11 - Тапсырысшының (туристтің) баратын елдегі заңдарды немесе ғұрыптарды білмеуі оны бұзған кезде жауапкершіліктен босата алмайды. Гид немесе бірге жүруші адам заңнаманы талқылау жөніндегі маман болып табылмайды және заңға қайшы әрекеттеріне немесе барған елдегі туристердің әрекетсіздігіне байланысты жауапкершілігіне қатысы жоқ.
- Тапсырысшы (туристік) Турфирмадағы тур басталу кезіндегі тур бойынша ресімделген құжаттарды (авиабилеттер,сақтандыру, ваучерлер, визасы бар шетелдік төлқұжат), алуы мүмкн, ерекше жағдайда, белгіленген жеке жағдайларда, құжаттарды беру әуежайдан ұшу кезінде жүргізілуі мүмкін.
- Тапсырысышы (турист) туристтік қызметті жүргізетін тұлғаға, келісім-шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламаға дейін қызметтер үшін шығындарын төлеген жағдайда саяхатты бастағанға дейін келісім-шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тапсырысшының (туристтің) Турфирманың келісім шартты тиісті түрде орындамаған салдарынан туындаған шығындар мен моральдық зиянды өтеуге құқығы бар.
- Сондай-ақ тапсырышының (туристтің) келесілерге құқығы бар:
- жеке қауіпсіздігі немесе мүлкіне қауіп төнген жағдайда, консулдыққа, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сондай-ақ туристтік өкілдіктерге хабарласуға;
- уақытша барған еліндегі келу ережелері туралы, сондай-ақ уақытша болған елден (орыннан) шығарды, уақытша болған елдің (орынның) заңнама ерекшеліктері, жергілікті тұрғындардың әдеп-ғұрыптары, діни салттары, ерекше күзеттегі қасиетті орындары, табиғм ескерткіштері, тарихы, мәдениеті мен туристтік көрсетілімнің басқа нысандары туралы, қоршаған ортасының күйі туралы керекті және анық ақпарат алуға;
- қозғалыс еркіндігі, уақытша болу еліндегі шектеу шараларын есепке ала отырып, туристтік ресурстарға еркін қол жеткізу;
- бекітілген сақтандыру (сақтандыру полисі) келісім-шартына сәйкес шұғыл медициналық көмек алуға;
- шетелдік туристтерге құқықты және басқа көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің органдарына көмектесуге;
- қолда бар байланысқа туристтердің кедергісіз кіруі.
- Саяхат жасау кезінде, транзитті қоса алғанда, туристтің міндеті:
- Уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтау;
- Қоршаған ортаны сақтауға, уақытша болатын елдегі (жердегі) табиғи ескерткіштерге, тарихқа және мәдениетке сақтықпен қарауға;
- Уақытша болатын елдегі (жердегі) келу және болу, сондай-ақ уақытша болу елінен (жерінен) шығуға және транзиттік жолдағы ережелерін сақтауға;
- Саяхат кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
- Саяхат жасау кезіндегі туристтердің қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі ұстаудың басқа ережелері бар «Турист жарнамасында» жазылған талаптармен танысуға және бұлтарапсыз орындауға.
Туристтердің басқа міндеттері
болатын елдің (жердің) заңнамасымен
анықталады.
12
- Туристтік өнімнің құны мен төлеу тәртібі
- Турфирма тұру жағдайына, көрсетілетін қызметтердің кешеніне, олардың көлеміне және сапасына байланысты туристтік өнімнің құнын білгілейді. Туристтік өнімнің жалпы бағасы осы Келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын туристтік жолдамасында (Брондау Парағы) көрсетіледі.
- Тапсырысшы туристтік өнімді алу кезінде туристтік өнімнің толық құнынан 100% мөлшерде қолма-қол ақысын төлеуге (дәлірек айтқанда: турдың алдыңғы сомасынан 50% мөлшерінде алдын ала ақысын жасауы және құжаттарды алу кезінде соңғы ақысын төлеуі) немесе есепшотты алу күнінен бастап үш банктік күн ішінде Турфирманың есеп айрысу шотына қолма-қол емес төлем жасауы керек.
- Осы келісім-шарт бойынша барлық есептер Қазақстан Республикасының валютасында-Қазақстандық теңгемен жүргізіледі.
- «Турфирма» бір маусымға (1 мамырдан 1 қазанға дейін Еуропа елдерінде және 1 қарашадан 1 наурызға дейін- Азия мен БАӘ елдерінде) көліктік тарифтердің, консулдық (елшілік) жинақтарының, салықтардың тұрақтылығына кепілдік бере алмайды. Тарифтердің жоғарлауы кезінде «Турфирма», сапар басталғанға дейін 5 күн ішінде кешіктірмей, «Туристке» бұл жайлы хабар бере отырып, келісім- шарт бойынша қызметтер құнын өзгертуге құқылы. «Туристтің» сапардан бас тартуы кезінде «Турфирма», «Туристке» турпакетті ресімдеу жөніндегі «Турфирманың» шығынын есептеп осы келісім-шарт бойынша алған соманы «Туристке» қайтарады. Мұнда бұрын турпакетті брондауды бекіту төлем жөніндегі міндеттердің орындалмауына байланысты кепілдік берілмейді.
Өндірістік тәжірибелік жұмыс – бұл
студенттердің мамандандырылған өзіндік
жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы
алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми
талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік
принциптерді әлеуметтік – экономикалық
орталарды орынды қолдана алуын көрсетеді.
Осы өндірістік — тәжірибені өту барысында
ұйым қызметін, саясатын және оның іске
асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын
және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен
таныстым. Ұйымның жарғысы – бұл кәсіпорынның
қандай қызметпен айналысатыны туралы,
ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың
міндеттері мен құқықтары, ең төменгі
жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары
туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады.
Өндірістік тәжірибені
өту мақсаты – практикалық
тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп
жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.
Әрбір қызметкердің практикалық
тұрғыдан дағдылану деңгейі оның
кәсіби қызметінде маңызды орын алады,
алынған теориялық білімді практикада
қолдану тәжірибесін кеңейту
арқылы ғана тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге
болады.
Тәжірибелік есеп жұмысын
дайындау барысында өндірісте бухгалтерлік
есеп, салық есебі, аудит, талдау жүргізілуінің
ерекшеліктеріне көңіл аударып,
жұмыс мәнін терең зерттеуге
мүмкіндік туады.
Кәсіпорынның экономикалық ұйымдастырылу сипаты қарастырылады,
қаржылық есеп берудің негізгі формаларының
бірі — баланстың құрылу тәртібіне ерекше
мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның
табыстылығы, іскерлігі мен төлем қабілетілігі
бағаланады.
Ақпараттарды жинақтау
— өндірістік тәжірибені өту үрдісінің
құрамдас бөлігі. Бұл кезеңде кәсіпорын
қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық
актілерден, ақпараттар мен деректерден
тұратын болашақ жұмыстың негізін құру
мәселесі қарастырылады.
Тәжірибелік есепті дайындау
өзектілігі – алынған теориялық білімді практикалық
дағдылану арқылы жалпылау мен жүйелеу.
Ұсынылып отырған тәжірибелік
есептің объектісі — «Көктерек» шипа жайы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Зерттеу барысында қоғамның экономикалық
–ұйымдастырылу сипаты қарастырылады,
қаржылық есепті құру тәртібіне ерекше
мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның
табыстылығы төлем қабілеттілігі бағаланды.
Тәжірибелік есеп жұмысының
теориялық және әдістемелік негіздері
болып, бухгалтерлік есеп жөніндегі
заңды-нормативтік құжаттар, кәсіпорынның ішкі және сыртқы
құжаттары, атап айтқанда жарғысы, есептің
ұйымдастырылуы, шаруашылық қызметін
талдау бөлімінің есебі басқа да құжаттар
болып табылады.
1. Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық
сипаттамасы
« Көктерек » шипа жайы жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (әрі қарай серіктестік)
Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі, ҚР 19.06.1997 ж. «Мемлекеттің шағын
кәсіпкерлікті қолдауы туралы» Заңы, 22.04.1998
ж. ҚР «Жауапкершілігі қосымша серіктестіктер
туралы» Заңы бойынша ашылған. Серіктестік
ОҚО, Сарыағаш ауданы әділет Басқармасында
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап
заңды тұлға құқығына ие болды. Серіктестіктің
жылдық орташа жұмыскерлер саны 50 ден,
активтерінің орташа жылдық құны 60 000
айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Серіктестіктің мекен–жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш
ауданы, Сарыағаш қаласы, Мостовая
көшесі, 2 үй
«Көктерек» ЖШС шипа
жайы Қазақстан Республикасының
заңдары бойынша заңды тұлға
болып табылады. Бұл шипажай 2006
жылы мамыр айының 29 жұлдызында құрылды, ал заңды түрде
2010 жылы мамыр айының 29 жұлдызында ашылып,
3 жылдай уақыт жұмыс жасап жатыр. Серітестік
қызметінің мерзімі шексіз. Шипажай ашылған
уақыттын бері тек сапалы қызмет көрсетіп
жүрген шипажайлар қатарына жатады. Серіктестіктің
мөрі,дербес балансы, банктерде шоттары,
өз атауы жазылған бланкілері бар. Серіктестіктің
жарғылық капиталына салынатын салымдар
ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану
құқықтары мен интеллектуалдық қызмет
нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік
болуы мүмкін.
Айтып кеткендей, бұл
шипажай ең үздік және сапалы, қазіргі
заман талабына сай, сонымен қатар
қазақи болмысты сақтаған шипажай болғандықтан
негізгі және қосымша қызметтерінен
қанша пайда және зиян әкелетіні
туралы маған толық ақпарат көзін берді. Бүгінгі
таңда Көктерек шипажайында 46 адам
жұмыс жасап жатыр. Әр қайсысына артылған
міндет әр түрлі және алатын еңбек ақылары
да соған байланысты. Еңбек ақыны бас бухгалтер
есептейді және істеген күніне байланысты
есептейді. Сонын ішінен демалысқа кету
ақысы, денсаулығына байланысты жұмысқа
шықпаған күндерінің есептеу арқылы 1
жұмыскерлердің 1 айда алатын еңбек ақысын
есептеп шығарады.
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты:
жарғысы бойынша қызметімен таза табыс
алу болып табылады. Қойған мақсаттарына
жету үшін Серіктестік келесідей негізгі
қызмет жүзеге асырады:
Сондай-ақ ҚР қолданылып жүрген заңдарына
қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін
атқарады.
Серіктестіктің жарғылық
капиталы 2006 жылы (300000) үш жүз мың теңге, 2010 жылы
(25102325) жиырма бес миллион жүз екі мың үш
жүз жиырма бес теңге мөлшеріндегі
құрылтайшының салымы арқылы қалыптасады.
Ол мемлекеттік тіркеу кезінде толық қалыптасқан.
Серіктестіктің құрылтайшысы (Бұдан әрі
Қатысушысы):
Қазақстан Республикасының
азаматы Төлендиев Нуркен Расулович,
жеке күәлігі №000483188 Қазақстан Республикасының
ІІМ 06.11.1995 жылы берілген.
Мекен жайы: ОҚО, Шымкент
қ., Б.Момышұлы д-лы, 23Б үй, 17п
Кәсіпорыннның басқаруын
серіктестіктің құрылтайшысы жүзеге асырады.
Қатысушы серістестіктің Атқарушы органы
болып табылатын Директорды тағайындайды.
Кәсіпорынның экономикалық
жағдайы мен оның тұрақтылығы
белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан,
олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді.
Сол себепті кәсіпорынның экономи-калық
жағдайын талдау кәсіпорын активтерінің
құрамы мен құрылымын талдаудан бастауы
тиіс. Кәсіпорын активтерінің орналасуы
туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.
Баланс мәліметтері бойынша 2010-2012
жылдары актив баптарының құрамы мен
орналасуын 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1 – «Көктерек» ЖШС активтерінің құрамы
мен құрылымы, жыл соңына
1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорын
мүлкінің құны 2012 жылы 193535060 теңгені құрап
отыр және ол 2011 жылмен салыстырғанда 5086450
теңгеге не 2,6 пайызға
төмендеген. Кәсіпорын мүлкі толықтай ұзақ мерзімді
активтерден тұрады деп айтуға болады.
Атап өткенде 2012 жылы қысқа мерзімді активтер
құны бар болғаны 21739368 теңгені ғана құрап
отыр, бұл барлық мүліктің 11,2 пайызын ғана
құрайды. Қысқа мерзімді активтердің негізгі
бөлігін қорлар құрап отыр, себебі шипай
қызметі болып профилактикалық емдеу
және қоғамдық тамақтандыру табылады.
Егер 2010 жылы барлық мүліктің ішінде қорлардың
үлес салмағы 6,8 % болса, 2012 жылы оның
үлес салмағы 7,7 пайыз болып отыр. Ал 2010
жылдары дебиторлық берешектің үлес салмағы
0,2 пайыз болса, 2012 жылы қысқа мерзімді
дебиторлық берешек 28,2 пайызды құрап
отыр.
Шипа жай басшылығы шипа жай қызметі ресурстардың қандай
көзлерінен қаржыландырылғанын және капитал
қандай іске салынатынын нақты білу қажет.
Сол себепті капиталдың құрамын, құралу
көздерін және орналасуын талдау үлкен
мәнге ие.
Шипа жай капиталы
меншікті және тартылған көздерден қалыптасқан.
Шипа жайдың мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен
динамикасы
Кесте 2 – «Көктерек» ЖШС-ның мүлкінің құралу
көздері мен құрылымы, жыл соңына
2-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғанындай
кәсіпорын капиталы толықтай міндеттемелерден
құралған. Кәсіпорынның меншікті капиталы
тек жарғылық капитал мен бөлінбеген пайда
(жабылмаған зиян) құрап отыр. Кәсіпорын
капиталының төмендеуі, негізінен меншікті
капиталдың төмендеуінен болып отыр, атап
айтқанда, меншікті капитал сомасы 2010
жылы 26355355 теңгені, ал 2012 жылы 2010 салыстырғанда
-4328064 теңгеге төмендеген. Жарғылық капитал
әр жылда да өзгеріссіз қалып отыр.
Талдаудың келесі кезеңінде
меншікті және заемдық каптиалдың динамикасы
мен құрылымына талдау жасау қажет (3 кесте)
Кесте 3- «Көктерек» ЖШС-ның меншікті капитал
динамикасы, жыл соңына
Кесте мәліметтері бойынша меншікті капитал сомасы 2010 жылы 26355355
теңгені, ал 2012 жылы 2010 салыстырғанда
-4328064 теңгеге немесе 16,4 пайызға төмендеген.
Оған себеп, төленбеген капитардың болмауы
мен бөлінбеген капиталдың төмендеуі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына тартырған
капиталдың құрамы мен құрылымы үлкен
әсер етеді, яғни ұзақ, қысқа мерзімді
міндеттемелердің арақатынасы (4 кесте)
Кесте 4 – «Көктерек» ЖШС-ның тартылған капиталдың
құрамы мен құрылымы




